Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі арқылы ұстаздардан ұсыныс қабылдайтынын айтып, видеоүндеу жариялады. Министрдің Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша салынған видеожазбаға бір сағаттың ішінде Instagram-да жүзден астам, TikTok-та 50 ден астам пікір жазылды. Педагог-KZ ұстаздардың ұсыныстарды шолып шықты.
Пікірлердің басым бөлігі жаңа министрдің ашықтыққа бағытталған қадамын қолдап пікір қалдырса, кейбірі нақты мәселе көтерді.
«Мектеп директорларының орынбасарлары екі бағытта аттестация тапсырады — пән мұғалімі ретінде және әкімшілік қызметкер ретінде. Бұл өте ауыр. Егер орынбасарда “бірінші санатты басшы орынбасары” біліктілігі болса, ОЗП тапсырудан босату мүмкіндігін қарастырсаңыз».
Кейбір ұстаздар зейнет жасы мәселесін көтерді:
«Педагогтарды 55 жастан зейнетке жіберу керек. 63 жас тым ұзақ, денсаулығымыз сыр беріп жатыр».
Сонымен қатар, еңбек қатынастары мен жалақы мәселесі де назардан тыс қалмады:
«Мектептегі лаборанттарды мұғаліммен теңестіру мәселесін қараңызшы».
Кейбір пікір иелері ауыл мектептерінің жағдайына айтып, министрді аймаққа шақырса, кейбірі тіл мәселесін көтерді:
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Сарман бастауыш мектебі ешқандай талапқа сай емес. Бір келіп көріңізші, өтінеміз».
«Аралас мектептерді қою керек. Жаңа ашылатын мектептер тек мемлекеттік тілде болсын».
«Алматыдағы 224 мектеп қазақ мектебі болып ашыла ма?»
Минист барлық ұсыныс-пікірлер талданып, олар жұмыс барысында ескерілетінін айтты.