Бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері туралы» заң жобасына және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерді бірауыздан қабылдады, деп хабарлайды Педагог-KZ.
Заңнамалық деңгейде норма енгізілмек. Атап айтсақ есептілікті бір мезгілде екі форматта тапсыруға жол берілмейді. Егер есеп электронды түрде тапсырылса, қағаз нұсқасы талап етілмейді және керісінше.
Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, көптеген ұстаздар бір есепті екі рет тапсыруға мәжбүр. Алдымен электронды жүйеге жүктеп, кейін қағазға шығарып қайта тапсырады. Заң нормасы қабылданса ақпарат жүйеде бар болса, оның қағаз нұсқасын талап етудің қажеті болмайды.