Сайт бойынша іздеу

Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы мен 18 колледж директоры тәртіптік жазаға тартылды

Бөлісу:
xbfPrbzMuC.jpg

Шымкентте білім басқармасының қызметінде құқықтық кемшіліктер анықталды,-деп хабарлайды pedagog-kz.kz  закон.кз сілтеме жасап. 

Прокуратура Білім басқармасының қызметінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

Нәтижесінде комиссия шешімімен бөлінген гранттар негізсіз өзгертілгендігі, лицензия алынбаған мамандыққа грант берілгендігі анықталды.

 

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 20 қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 18 колледждің директорлары мен Шымкент қаласының білім басқармасының бөлім басшысы бар.