«Былтыр мектептерде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынды. Бағдарламаны қабылдау – істің басы ғана. Енді жаңарған құжатты еліміздегі барлық мемлекеттік білім ошағына енгізу керек. Бұл туралы бүгін бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты,-деп хабарлайды Педагог-KZ
Президент бұл бағдарламаны алдағы уақытта жекеменшік мектептерге де енгізу маңызды екені айтты. Сондай-ақ, алдағы уақытта бағдарлама аясын кеңейтіп, «Адал азамат» деп атау ұсынылды.
Себебі тәрбие жұмысы балаларды түгел қамтуы қажет. Сонда ғана бұл бастама жалпыұлттық ауқымға ие болады. Жобаның түпкі мақсаты – отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Мұның бәрі – адал азаматқа тән қасиеттер. Құрылтай мүшелері алдағы уақытта осы бағдарламаны «Адал азамат» деп атауды ұсынып отыр. Мен бұл ұсыныспен толық келісемін»-деді Қ. Тоқаев.