Сайт бойынша іздеу

Шардара аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

Бөлісу:
EkmCTeaNaB.jpg
Фото: скрин телеканал Qazaqstan

Түркістан облысында Шардара ауданының  білім бөлімі қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты,-деп хабарлайды Педагог-KZ.

 Сотталушыларға 2020-2023 жылдар аралығында бюджеттің 3 млрд 700 млн теңгесін жымқырған деген айып тағылды.

 Мектепте жұмыс істемейтін туыстары мен таныстарының банк карталары деректерін жасырын енгізу арқылы ақша аударып келген,-делінген Ұлттық арна таратқан ақпаратта.

Бастапқыда 15 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бір адамның қайтыс болуына байланысты 14 адамға үкім шықты. Шардара аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды. Ал 7 есепшінің әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі әйелдің жазасын өтеу мерзімі 5 жылға шегерілді. Төрт айыпталушы рахымшылыққа ілініп, жазалары шартты немесе бостандығын шектеу түріне ауыстырылды.

ДӘУРЕН МАДАЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚІЖМА СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 Өздерінің туысқандарының ЖСН-дерін енгізеді, мектепте істемейтін тұлғалар. Сөйтіп, мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақасын ИИН арқылы сол банк есепшоттарына аударады. Іс материалдарымен сотталушылардың қылмыстық әрекеттері толық дәлелденген. Біріншіден, өздерінің жауаптарымен, екіншісінден, сотқа дейінгі тергеп тексеруде куәлердің жауаптарымен.

Айта кетейік, облыс бойынша 8 ауданда білім бөлімінің қызметкерлері 12 млрд теңге көлемінде қаржы жымқырғаны дәлелденді.

Облыстық прокуратура мен экономикалық тергеп тексеру департаментінің қызметкерлері аса ірі көлемде қаржы ұрлаған 165 адамға қатысты тергеуді аяқтап, қылмыстық істерді сотқа өткізген болатын. Соның ішінде Жетісай, Сауран, Созақ, Келес, Сарыағаш аудандарының білім саласы қызметкерлері түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылған болатын.