Сайт бойынша іздеу

Заңсыз жұмысқа тартылған білім қызметкерлері еңбек инспекциясына жүгінуі тиіс – министр

Бөлісу:
VQPUiDzuSy.jpg
Фото: ашық әрі ресми көзден

0қу-ағарту министрі келісім-шартта көрсетілмеген, өз міндетіне кірмейтін артық жұмысқа мәжбүрлеу заңға қайшы екенін тағы да ескертті,- деп хабарлайды Педагог-KZ.

"Мұндай заңсыздыққа тап болған әрбір азамат еңбек инспекциясына ресми түрде шағымдануы тиіс"- деді министр. 

Айта кетейік,  2019 жылы елімізде "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданғанына қарамастан педагогтарды әлі күнге дейін өз қызметіне жатпайтын артық жұмыстарға тарту деректері кездеседі. 

Министрлік мәліметінше ең жиі кездесетін жағдайлар – мұғалімдерді өз міндетінен тыс жұмыстарға тарту, олардың ар-намысына тию, билет сатып алуға немесе түрлі іс-шараларға қатысуға мәжбүрлеу.