Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова балабақша тәрбиешілеріне магистратура үшін қосымша ақы неге төленбейді деген сұраққа жауап берді,-деп хабарлайды Педагог-KZ.
«Қазіргі уақытта тәрбиешілерге магистратура үшін қосымша ақы қарастырылмаған. Биыл «Педагог мәртебесі туралы» заңына енгізілген өзгерістер аясында бұл мәселе бойынша біздің ұсынысымыз болды. Алайда бюджеттің оптимизациясына байланысты мұндай төлемдер қолдау таппай отыр. Сондықтан бұл мәселе алдағы күннің еншісінде», – деді Манара Адамова.
Оның сөзінше, мектепке дейінгі білім беру саласында 103 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, олардың ішінде 1 226 педагогта ғана магистр дәрежесі бар.