Сайт бойынша іздеу

Мектептерде зейнет жасындағы 7,5 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді

Бөлісу:
KcHrnoqHuv.jpg
Фото ашық көзден

 Оқу-ағарту министрлігі «Қазақстандағы білім статистикасы» ұлттық жинағын жариялады. Онда орта білім беру жүйесі бойынша өткен жылға өзекті толық статистикалық мәлімет қамтылған-деп хабарлайды Педагог-KZ

Статистикаға сай жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы орта білім беретін мектептерде 325 474 мұғалім жұмыс істесе, оның 7 514-і зейнет жасындағы мұғалімдер деп көрсетілген. (қосымша жұмыс істеушілерді қоспағанда).

Зейнет жасындағы 7 514 мұғалімнің 799-ы ер мұғалімдер, қалған 6 714-і әйелдер. Зейнет жасындағы мұғалімдердің көбі Алматы қаласы мен Ақмола және ШҚО-да жұмыс істейді.

Ал дәл осы көрсеткіш бойынша зейнет жасындағы жалпы педагогтардың саны 8 мыңнан асады делінген ақпаратта.

Айта кету керек, бірінші кредиттік бюроның data HUB Telegram-арнасының ақпаратына сай  жалпы білім саласында 51 мыңнан астам зейнеткер жұмыс істейді.  

 Толығырақ инфографикада