Сайт бойынша іздеу

20 директор «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атанды

Бөлісу:
icFzgmAxWu.jpeg
Фото: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1052002?lang=kk

Көп жылғы білім беру саласында атқарған адал еңбегі үшін орта білім жүйесіндегі 20 мекеме басшысы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды, - деп хабарлайды Педагог-KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

  Төсбелгі таққандардың ішінде мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері және колледж директоры бар.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін оларға тамыз кеңесі аясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев табыстады.

 

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі иегерлерінің толық тізімі:

  1.          Ибраев Марат Оразұлы Атырау облысы, С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің директоры

2.          Есеева Рахия Райқұлқызы Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза атындағы мектеп- гимназиясының директоры

3.          Жүнісбекова Сәуле Тұрарбекқызы Шымкент қаласы, Есту қабылеті бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернатының директоры

4.          Жарова Назигүл Мұратбекқызы Абай облысы, Аягөз ауданы, Қазақ мектеп-лицейінің директоры

5.          Алдажарова Юлия Сергеевна Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы Балабақша-мектеп-интернат арнайы кешенінің директоры

6.          Байымбетова Ляйла Мухаметжановна Алматы қаласы №173 мектеп-лицейінің директоры

7.          Оңғаров Мұхтар Досбергенұлы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №1 мектеп-гимназиясының директоры

8.          Жұмағалиева Алтын Ғинятқызы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы № 37 орта мектебінің директоры

9.          Хасенова Ғалима Төкішқызы Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясының директоры

10.      Абзалиева Қорлан Жамсапқызы Қарағанды қаласының №2 лицейінің директоры

11.      Төлебаева Гүлнара Сағитқызы Қостанай облысы, Лисаков қаласы мектеп-лицейінің директоры

12.      Мұханбетқалиева Жанат Қызылорда қаласы, «Бегім ана» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі

13.      Мигунова Татьяна Алексеевна Павлодар қаласы, А. Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінің директоры

14.      Тұрсынова Сәуле Нұрғалиқызы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы №25 орта мектебінің директоры

15.      Шардарбеков Сәкен Өтелбайұлы Түркістан облысы Созақ ауданының Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінің директоры

16.      Жақыпова Гүлдана Бақтыбайқызы Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының директоры

17.      Ережепова Үміт Серікбекқызы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, «№6  «Күншуақ» балабақша-бөбекжайының директоры

18.      Төлеу Гүлжан Дәрібайқызы Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің директоры

19.      Дүйсеқожа Аяла Кәдіржанқызы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, №1 Азат орта мектебінің директоры

20.      Ғайыпбаева Моншақ Кұрбанбайқызы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы мамандырылған IT лицейінің директоры