Сайт бойынша іздеу

4 педагог мемлекеттік наградамен марапатталды

Бөлісу:
9R5HENq5jY.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды-деп хабарлайды Педагог-KZ

Олардың қатарында «Құрмет» орденімен:

 • Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы –  «М. Шоқай атындағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі (IT мектеп-лицейі)» КММ мұғалімі, Қызылорда облысы;

 • Қараева Бибігүл Атшыбайқызы – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 жалпы білім беретін мектеп» КММ мұғалімі;

 • Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы – «Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі» МКҚК директоры, Ақтөбе облысы.

 «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен :

• Аханова Бақытжан Омарғалиқызы – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының білім басқармасы «Балалар музыка мектебі» КМҚК директоры.