Сайт бойынша іздеу

Басқа «вуздан» ауысықан. 12 700 студент ҰБТ тапсырмай педагогика мамандығын оқуда - депутат

Бөлісу:
uVhbuHlzgQ.jpg

Педагог мамандығында ақылы оқып жатқан 5,3 мың студент ҰБТ-да 75 балдан кем жинаған, 12,7 мың студент ҰБТ-дан мүлдем өтпеген. Бұл туралы депутат Нартай Сәрсенғалиев айтты деп хабарлайды Педагог-KZ.  

 

Мұғалім болғысы келген, бірақ ҰБТ-да педагогикалық мамандықтарға қойылған шектік 75 балды жинай алмаған кейбір пысықай азаматтар басқа ЖОО тапсырып, кейін педагог дайындайтын ЖОО ауысып алған.

 «Министрлік мұндай жолды біле тұра неге тоқтатпады?»- деді депутат министрлікке жолдаған сауалында.

 Депутаттың сөзінше «Білімді бағалау нәтижелері» сынағының нәтижесі бойынша педагог мамандығы бойынша ЖОО аяқтаған студенттердің  2022 жылы 62%-ы, 2023 жылы 32,9%-ы, 2024 жылдың 1- жартыжылдығында 50,3%-ы шекті балл жинай алмаған.

«Артынша тесттер саны 110-нан 50-ге дейін қысқарды, өту баллы 50-ден 25-ке дейін төмендеді. Бұл көзбояушылық!»- дейді депутат.

Депутат оқуға қабылданған Педагог мамандармен олардың нарықтағы шынайы қажеттілігінің арасы жермен-көктей екенін де алға тартқан.  2022 жылы – 7,5 есе, 2023 жылы – 9,3 есе, 2024 жылы – 3,5 есе көп ұстаз дайындалған.  Салдарынан педагог дайындауға арналған мемлекеттік тапсырыс 13 905 грантқа артып (2018 – 2020 жылдар), тиісінше 31 776,3 млн теңге тиімсіз жұмсалған.