Сайт бойынша іздеу

Бірлік пен спортты ұштастырған баскетбол турнирі

Бөлісу:
hiPuAp0m2r.jpg

 Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Түркістан облысында Түркістан NIS ұйымдастыруымен 9–10 сынып оқушылары арасында достық баскетбол турнирі өтті. Сайысқа Шымкент қаласы мен Түркістан өңірінің мектептерінен келген жас спортшылар қатысты.

 

Түркістан, 1 мамыр 2025 ж. – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Түркістан облысында Түркістан NIS ұйымдастыруымен 9–10 сынып оқушылары арасында достық баскетбол турнирі өтті.  Турнирдің мақсаты – жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың достық қарым-қатынасын нығайту және ұлттық бірліктің маңыздылығын ұғындыру болды.

Спорттық сайыс мерекелік концертпен басталды. Әсем ән мен көтеріңкі көңіл-күй турнирге ерекше рух беріп, барлық қатысушылардың бойына мерекенің мәнін сіңіре түсті.

 Командалар өздерінің ұйымшылдығын, шеберлігін және жеңіске деген жігерін танытты. Әр матчта көрермендерді шебер доп жүргізу, нақты пас беру, жедел шабуыл және сенімді қорғаныс тәнті етті.

Жүлделі орындар:

  •  I орын – NIS PhMD (Шымкент қ.)
  •  II орын – NIS CBD (Түркістан қ.)
  • III орын – №32 жалпы білім беретін мектебі

Арнайы номинациялар иегерлері:

  • Үздік шабуылшыБекманов Сержан (№32 ЖББМ)
  • Үздік орталық ойыншыАмантай Абдурахим (№28 IT лицейі)
  • Үздік қорғаушыЖұмабай Әбубәкір («Білім-Инновация» лицейі, Түркістан)