Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды,-деп хабарлайды Пеадгог-KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Айта кету керек, екі күн бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, бұл бағытта өскелең ұрпақтың жасанды интеллектіні дұрыс қолдана білуі маңызды екенін ескертіп, нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Жаңа тағайындалған вице-министрдің еңбек жолы цифрландыру мен жаңа технологиялар саласымен тікелей байланысты.
Асылбек Амантайұлы Ахметжанов
📅 1993 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген
🎓 Екі жоғары білімі бар
📚 Білімі
🏅 2011 жыл – №19 ЖОББМ, Павлодар қ., «Алтын белгі» иегері
🎓 2015 жыл – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Есеп және аудит»
💻 2022 жыл – Қазақ технология және бизнес университеті, «Ақпараттық жүйелер»
💼 Еңбек жолы
🔹 01.2016 – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, сарапшы м.а.
🔹 22.06.2016 – 04.05.2018: ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, сарапшы
🔹 04.05.2018 – 03.11.2019: ҚР Цифрлық даму министрлігі, бас сарапшы
🔹 04.11.2019 – 11.03.2021: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, басқарма басшысы
🔹 12.03.2021 – 28.07.2024: ҚР Цифрлық даму министрлігі, Цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары
✨ Цифрландырудың платформалық моделіне көшу, деректерді басқаруға жетекшілік етті
🔹 29.07.2024 – 23.02.2025: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, департамент директоры
🔹 24.02.2025 – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің департамент директоры болып істеген.