Сайт бойынша іздеу

Мектептердің ішкі дизайны бірыңғай стандартқа көшеді

Бөлісу:
SLQR6KyiHl.jpg
Фото: Ж. Қасымбек парақшасынан

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде ішкі безендіруді біріздендіру бойынша бірыңғай дизайн-код кезең-кезеңмен енгізіледі,- деп хабарлайды Педагог-KZ.

Б ұл туралы Шымкент қаласы педагогтарының тамыз кеңесінде Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

 Бүгінде 100-ден астам жаңа «Келешек мектептері» бекітілген брендбук негізінде салынып жатыр. Алдағы уақытта бұл стиль 1300 мектептің жөндеу жұмыстары барысында да қолданылады. Келешекте дизайн-код елдегі барлық білім беру ұйымдарын қамтитын болады ,-деді министр.

Айта кету керек, биыл министр Астана, Алматы, Шымкент өңіріндегі педагогтардың тамыз кеңесіне қатысты.